Облыс әкімдігінде кезекті әкімдік отырысы өтті. Жиында 2025-2026 жылдардағы жылыту маусымының қорытындылары шығарылып, алдағы маусымға дайындық мәселелері қаралды. Сонымен қатар қауіпсіз шомылу маусымын өткізу және жазғы дамылысты ұйымдастыру жайы талқыланды. Отырыс соңында өңір жетекшісі жауапты мекеме басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

Отырыста жылыту маусымын қорытындылау, жөндеу жұмыстарын жүргізу және басқа да мәселелерді шешу қаралды. Облыс әкімі күзгі-қысқы кезеңнің қалыпты түрде өткенін, ірі ақаулар тіркелмегенін атап өтті. Биыл жылыту маусымына дайындық аясында қазандықтар мен жылу желілерін жөндеу жоспарланған. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 470 млн, аудандық бюджеттен 621 млн теңге қарастырылған.

ӘЛІШЕР БАСПАЕВ, СҚО ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

2-ші жылу электр орталығында 2 технологиялық бұзушылық тіркелді, бұл өткен жылмен салыстырғанда аз. Келесі жылға 20,7 млрд теңге инвестиция жоспарланған, оның 4,5 млрд теңгесі жөндеу жұмыстарына жұмсалады.

АНАТОЛИЙ КАЗАНОВСКИЙ, «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ БАС ДИРЕКТОРЫ

Петропавл қаласында орталық жылуға 1188 көпқабатты үй қосылған. Жылыту маусымы 27 сәуірде аяқталды. Қала әкімінің айтуынша, маусым кезінде апаттық жағдайлар орын алмаған.

СЕРІК МҰХАМЕДИЕВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ

Алдағы жылыту маусымы бойынща облыста қаржыландыру 40 млрд-тан 70 млрд теңгеге дейін артпақ. Сондай-ақ отырыста шомылу маусымына дайындық мәселесі қаралды. Өңірде 60-тан астам демалысқа арналған су айдыны бар. Былтыр шомылу маусымына қатысты бірде-бір қайғылы оқиға тіркелмеген.

ДМИТРИЙ РАСТИХИН, СҚО ТЖД БАСТЫҒЫ ОРЫНБАСАРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ

Отырыс соңында облыс әкімі бөлім басшылары мен аудан әкімдеріне тапсырмалар берді. Сондай-ақ, қаладағы Пёстрое көлінде құрылыс жұмыстары жүріп жатқандықтан, ол жерде шомылуға уақытша болмайтынын атап өтті.