Солтүстік Қазақстан облысында жаңа облыс прокуроры тағайындалды. Мемлекет басшысының келісімімен және Бас прокурордың бұйрығымен бұл лауазымға Ержан Дүйсекенов келді. Ол бұған дейін Павлодар облысы прокурорының бірінші орынбасары қызметін атқарған.
Ержан Дүйсекенов еңбек жолын Екібастұз қаласы прокурорының көмекшісі болып бастаған. Кейін Павлодар облысының прокуратурасы мен Құқықтық статистика департаментінде түрлі жауапты қызметтерді атқарды. 2023 жылдың қыркүйегінен бастап Павлодар облысы прокурорының бірінші орынбасары лауазымында болды. Мінсіз қызметі үшін «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталған және «Прокуратураның құрметті қызметкері» атағы бар.