Петропавлдағы Жоғары Солтүстік Қазақстан кәсіби-педагогикалық колледжінде «Естимін. Қолдаймын. Қорғаймын» атты форум-диалог өтті. Іс-шара «Қазақстан — тұрмыстық зорлық-зомбылықсыз ел» республикалық айлығы аясында ұйымдастырылды. Ашық форматта өткен кездесуге 100-ге жуық студент қатысты.

Форум барысында жастарға құқықтық көмек алу жолдары, қауіпсіздік мәселелері және психологиялық қолдау тетіктері түсіндірілді. Сондай-ақ қатысушылар тұрмыстық зорлық-зомбылықтың салдары мен оны ерте анықтаудың маңызын талқылады.

СНХР: МАЛИКА ЗАХРИМАНОВА, ПД ҚҚБ ОТБАСЫЛЫҚ -ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ- ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС БӨЛІМІНІҢ ИНСПЕКТОРЫ

Кездесуге тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің мамандары мен психологтер қатысты. Олар жастарға қауіпсіз қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру, даулы жағдайлардың алдын алу және қиын жағдайда көмек сұраудан қорықпау керектігін айтты.

СНХР: НАТАЛЬЯ КАЧАЛКИНА — СҚО ӘКІМДІГІ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ» КММ ДИРЕКТОРЫ

Мамандардың айтуынша, осындай ашық диалог алаңдары жастардың өз мәселесін жасырмай айтуына және уақытылы көмек алуына мүмкіндік береді.