Заңсыз қоқыс орындары бүгінгі күні өзекті экологиялық мәселелердің бірі болып қала беруде. Тұрмыстық және өндірістік қалдықтар елді мекендер маңында, жол бойларында және табиғи аумақтарда бейберекет төгіліп, қоршаған ортаға зиянын тигізуде. Қазіргі таңда мұндай қоқыс орындарын анықтау, бақылау және жою жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.
Қызылжар ауданында мұндай заңбұзушылықтарды анықтау жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Экологиялық мониторинг барысында мамандар ғарыштық бақылау деректерін пайдаланып, құқық қорғау органдары және жергілікті атқарушы органдармен бірлескен рейдтер өткізеді. Облыс орталығынан 50 шақырымдағы аумақтарда заңсыз қоқыс тастау деректері жиі тіркеледі.
ИГОРЬ ГАХ, СҚО БОЙЫНША ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ
Бүгінгі күнге дейін рейдтік іс-шаралар аясында 11 рет тексеру жүргізіліп, нәтижесінде 24 заңсыз қоқыс орны анықталды. Аталған деректер бойынша жергілікті атқарушы органдар мен ішкі істер органдарына қоқыс орындарын жою және кінәлі тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту жөнінде тиісті шаралар қабылдау үшін хаттар жолданды.
ИГОРЬ ГАХ, СҚО БОЙЫНША ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ
Рұқсат етілмеген қоқыс орындарын анықтау және олардың жолын кесу жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Анықталған барлық бұзушылықтар уәкілетті органдар тарапынан жедел қаралып, тиісті шаралар қабылданады.