Елімізде қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытындағы ауқымды іс- шаралар жалғасуда. Петропавл қаласында «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы және «Заң мен тәртіп» акциясы аясында кезекті экологиялық іс-шара өтті. Оған 60-қа жуық адам қатысты. 

Табиғатты қорғау - ортақ міндет. Дәл осындай игі мақсатты ту еткен облыстық Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы ауқымды экологиялық акцияға ұйытқы болды. Игі бастамадан мемлекеттік орган өкілдері де, жүрегі «табиғат» деп соққан ерікті жастар да қалыс қалмады.

СНХ: ІЛИЯС ҚОЖАХАНОВ, СҚО МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ТАБИҒАТ ҚОРҒАУ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ

Аталған акция тек тазалық шарасымен шектелмейді, оның негізгі мақсаты - тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыру. Мамандардың мәлімдеуінше, Есіл өзені - өңірдің негізгі су артериясы болып табылады. Сондықтан, оның тазалығын, сақтау- жауапты іс.

СНХ: ДАМИР ӘБДИН, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ

Іс-шара барысында қатысушылар тұрғындарға табиғатты қорғаудың маңызын түсіндіріп, ақпараттық парақшалар таратты. Ұйымдастырушылар алдағы уақытта да осындай акцияларды тұрақты өткізуді жоспарлап отыр. Айта кетейік, мұндай іс-шараларға кез келген тұрғын қатыса алады.