Kozybayev University-де функционалдық геномика және биоинформатика мектебі өз жұмысын бастады. Қазақстан мен шетелден келген жас зерттеушілер геномдарды талдаудың заманауи әдістерін меңгеріп, жаңа секвенирлеу технологияларымен жұмыс істеп, ғылыми тәжірибе алмасады. Қатысушылар азық-түлік қауіпсіздігі үшін стратегиялық маңызы бар ауыл шаруашылығы дақылдарын зерттеуге ерекше назар аудармақ. Функционалдық геномика және биоинформатика мектебі Kozybayev University базасында екінші жыл қатарынан жас зерттеушілердің ірі ғылыми алаңына айналып келеді. Қатысушылар заманауи деректер қорымен жұмыс істеп, геномдарды секвенирлеу платформаларын меңгеруде. Басты назар Қазақстан үшін стратегиялық маңызы бар бидай мен күріш дақылдарына, сондай-ақ олардың өнімділігі мен төзімділігін арттыруға аударылған.

СНХР: ЕРБОЛ ИСАҚАЕВ – KOZYBAYEV UNIVERSITY БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ – РЕКТОР

Биыл мектеп жұмысына Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Сауд Арабиясынан келген 14 зерттеуші қатысуда. Жоба Аризона геномика институты және Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымымен бірлесіп ұйымдастырылған.

СНХР: ШАХЛО АТАБАЕВА – АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӨНІНДЕГІ ИСЛАМ ҰЙЫМЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ МЕНЕДЖЕРІ

Оқу курсы бес күнге жоспарланған. Мұндай мектеп Қазақстанда ғана емес, Орталық Азия аумағында алғаш рет өткізіліп отыр.