Петропавлда полицейлер оқушылар арасында жол қозғалысы ережелерін үздік білетіндерді анықтады.
Петропавлда жас жол инспекторларының 17 жасағы өз шеберліктерін көрсету үшін бас қосты. «Дарын» мектеп-лицейінің алаңында олар саптық дайындықты, велосипед жүргізу дағдыларын және жолдағы қауіпсіздікке қажетті білімдерін көрсетті.
СНХР: БАХТИЯР ДОЩАНОВ — ПЕТРОПАВЛ Қ. ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ БАТАЛЬОНЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ
Жас жол инспекторларының жасақтары — тәртіп сақшыларының сенімді көмекшілері. Үгіт-насихат топтарының байқауында олар бастауыш сынып оқушыларына жолдағы қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын үйрету бойынша қалай жұмыс жүргізетіндерін көрсетті. Медицина қызметкерлері жас инспекторлардың алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша білімдерін тексерсе, полицейлер олардың жол қозғалысы ережелерін қаншалықты жақсы меңгергенін анықтады.
Іс-шараға өткен жылы республикалық кезеңде үшінші орынды иеленген Мамлютка қаласының оқушылары да қатысты.
СНХР: ЖАНАЙЫМ МЕРЕКЕ — МАМЛЮТКА ҚАЛАСЫНДАҒЫ №8 МЕКТЕПТІҢ ЖАС ЖОЛ ИНСПЕКТОРЛАРЫ ЖАСАҒЫНЫҢ КОМАНДИРІ
Мамлюткалық жас инспекторлардың жетістігі өзге қатысушыларға да шабыт берді. Биылғы жарыста №23 мектептің оқушылары жеңімпаз атанды. Екінші орынды №14 мектеп иеленсе, үшінші орын Бірінші гимназияға бұйырды. Облыстық кезең мамыр айының соңына жоспарланған.