Сафуан Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназиясында бастауыш сынып мұғалімдері арасында педагог Гүлмира Кәрімованы еске алуға арналған облыстық байқау өтті. Іс-шара өңірдің үздік ұстаздарын, педагогикалық еңбек ардагерлері мен жас мамандардың басын қосты. Биылғы байқауға өңірден барлығы 15-ке жуық мұғалім қатысты.

Байқау осымен үшінші жыл қатарынан өткізіліп келеді. Оның басты мақсаты - педагогтерді қолдау, кәсіби шеберлікті арттыру және тәжірибе алмасу. Іс-шараға құрметті қонақ ретінде Гүлмира Кәрімованың анасы - Айман Қабидоллақызы қатысты. Сынға түскен үміткерлер үш кезең бойынша бақ сынайды. Олар алдымен өздерін таныстырып, кейін ашық сабақ өтеді және ата-аналар жиналысының барысы туралы бейнеролик ұсынады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, болашақта бұл байқауды республикалық деңгейде өткізу жоспарланып отыр.

СНХ: РОЗА СӘРКЕН - СҚО БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Байқау аясында педагогтар бастауыш сынып оқушыларын оқыту мен тәрбиелеудің заманауи тәсілдерін көрсетті. Қазақ сыныптарының мұғалімдері С. Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияда, ал орыс сыныптарының оқытушылары №7 орта мектепте ашық сабақтар өткізеді. Қатысушылар үшін бұл тек өз шеберлігін көрсету ғана емес, сонымен қатар әріптестерінің озық тәжірибесін бойға сіңіруге зор мүмкіндік.

СНХ: МАДИЯР МӘДЕНИЕТОВ, «АҚТАС НЕГІЗГІ МЕКТЕБІ» КММ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІ

Аталмыш сайыс мұғалімдердің кәсіби өсуі мен ұрпақ сабақтастығының маңызды алаңына айналды. Ал Гүлмира Кәрімованың есімі өзі бүкіл ғұмырын арнаған білім мен тәрбие жолында мәңгі сақталады.