Өңірде кене белсенділігінің маусымдық кезеңі басталды. Бұл жәндіктер адам өміріне қауіпті бірнеше инфекциялық аурулардың, соның ішінде адамның жүйке жүйесінің жұмысын зақымдайтын - кене энцефалитінің негізгі тасымалдаушысы болып табылады. 

Мамандардың мәліметінше, кенелердің белсенді кезеңі сәуір мен қазан айларының аралығын қамтиды. Жәндіктер тек орманды аймақтарда ғана емес, саяжайларда, аулалар мен саябақтарда да кездеседі. Кене шаққан сәтте адам оны бірден байқамауы мүмкін. Зиянкестердің шағуынан болатын аса қауіпті дерттің түрі – кене энцефалиті. Дегенмен, биылғы маусымда облыс аумағында аталған қауіпті дертті жұқтыру жағдайлары тіркелген жоқ.

СНХР: ГУЛИДА ДЖАКЕЕВА, СҚО САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ

Статистикаға сәйкес, сәуір айынан бастап облыста кене шағудың 419 дерегі анықталды. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 111 жағдай тіркеліп отыр. Инфекцияның алдын алудың негізгі шарасы — вакцинация және жеке сақтық ережелерін сақтау.

СНХР: ГУЛИДА ДЖАКЕЕВА, СҚО САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ

Айта кетейік, СҚО бойынша, Айыртау ауданы кене энцефалиті вирусы бойынша эндемиялық аймақ болып табылады. Осыған байланысты, мемлекеттік тапсырыспен Айыртау және Лобаново ауылдарында дезинсекциялық жұмыстар жүргізілді. Алдын алу шараларының екінші кезеңі қыркүйек айында жалғасады.