Өңірлік коммуникациялар қызметінде мобильді аударымдарды бақылау мәселесіне арналған брифинг өтті. Жиында Петропавл қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Ержан Қасейінов жаңа талаптар мен бақылау тетіктері туралы түсіндірме берді. Спикердің айтуынша, бақылау барлық азаматтарға емес, тіркеусіз кәсіпкерлік қызметпен айналысу белгілері бар тұлғаларға қатысты жүргізіледі.
Мамандардың сөзінше, екінші деңгейлі банктер мемлекеттік кірістер органдарына әрбір аударым бойынша автоматты түрде мәлімет жібермейді. Ақпарат тек арнайы критерийлерге сәйкес келген жағдайда ғана ұсынылады. Алдымен азаматтарға жеке кәсіпкер немесе өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлға ретінде тіркелу қажеттігі туралы хабарлама жолданады. Егер камералдық бақылау барысында сәйкессіздіктер анықталса, салық төлеушіге оларды жою немесе түсіндірме беру үшін уақыт беріледі. Ал шығыс операцияларын тоқтата тұру тек хабарламаны орындамаған жағдайда ғана жүзеге асырылады.
СНХР: ЕРЖАН ҚАСЕЙІНОВ – ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ