Есіл өзеніндегі құтқару станциясында Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері көлік инспекциясы қызметкерлерімен бірлесіп жедел кеңес өткізді. Іс-шараның мақсаты – көктемгі кезеңде шағын көлемді кемелерге бақылау жүргізу және навигация маусымы қарсаңында судағы төтенше жағдайлардың алдын алу.

Мамандардың айтуынша, катер, қайық, гидроцикл секілді шағын көлемді су көліктерінің иелері кемені тіркеу тәртібін, жүргізуші куәлігіне қойылатын талаптарды, сондай-ақ судағы қауіпсіздік ережелері мен негізгі заң талаптарын білуі тиіс. Бұл талаптарды бұзу айыппұл салуға, көлік құралын тәркілеуге және бастысы адам өміріне қауіп төндіруге әкелуі мүмкін.

СНХР: ТЕМІРҒАЛИ РАМАЗАНОВ – КӨЛІК БАҚЫЛАУ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ