Айыртау ауданындағы «Зейнеп» колледжінің базасында «Имантау өңірінің киелі орындары: мәдени мұра және туризмді дамыту перспективалары» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.Бұл іс-шара алғаш рет еліміздің ғалымдары мен өлкетанушыларын, туризм және білім саласының мамандарын біріктірді.
«Зейнеп» жоғары көпсалалы колледжінде «Имантау өңірінің киелі орындары: мәдени мұра және туризмді дамыту перспективалары» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Ауқымды іс-шараның ұйымдастырушысы Almaty Management University. Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген жүзден астам қатысушы рухани мұраны сақтау және өңірдің туристік әлеуетін арттыру мәселелерін ортаға салды. Айта кетерлігі, бұл конференция алғаш рет ұйымдастырылып отыр, алайда ұйымдастырушылар оны жыл сайынғы дәстүрлі іс-шараға айналдыруды жоспарлап отыр.
СНХР: АСЫЛБЕК ҚОЖАХМЕТОВ, ALMATY MANAGEMENT UNIVERSITY ПРЕЗИДЕНТІ
Конференцияның негізгі тақырыптарының бірі өңірдің киелі орындарын, туризмді өңір экономикасы мен инфрақұрылымын өркендетудің маңызды бағыты ретінде қарастыру болды. Айыртау ауданының әкімі Мейрам Меңдібаев мұндай алаңдар тарихшылар мен туризм өкілдерін Имантау өлкесінің рухани қазынасын дәріптеу жолында біріктіретінін атап өтті.
СНХР: МЕЙРАМ МЕҢДІБАЕВ, АЙЫРТАУ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:
Туристік әлеуетті арттырумен қатар, Имантау өңірінде инфрақұрылымды жақсарту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Соңғы екі жылда Ұлттық парк аумағында 20 шақырымнан астам жол жөнделді. Оптикалық-талшықты байланыс желісі тартылып, 7 туристік нысан интернетке қосылды. Дегенмен, қатысушылардың айтуынша, туризмді өлке тарихын сақтамай дамыту мүмкін емес. Осы тұрғыда өз жобасын таныстыру үшін Республика көлемінде өткізіліп жатқан конференцияға Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты, этномедиация орталығының басшысы Фарида Мұсатаева Астана қаласынан арнайы келген.
СНХР: ФАРИДА МҰСАТАЕВА, ҚОЛДАНБАЛЫ ЭТНОСАЯСИ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫ, ЭТНОМЕДИАЦИЯ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ, АСТАНА ҚАЛАСЫ:
Жиынның басты нәтижелерінің бірі «Зейнеп» колледжі мен мұражайлар, Имантау-Шалқар аймағының демалыс базалары және Астана қаласының гидтер клубы арасында ынтымақтастық меморандумына қол қойылуы. Бұдан бөлек, мамандар «Құлагер» туризмді дамыту орталығын құру мәселесін талқылады. Бұл орталық болашақта мамандар даярлайтын және туризмді насихаттайтын негізгі алаңға айналмақ. Айыртау ауданы тек табиғатымен ғана емес, Қазақстан халқы үшін құнды тарихи жадымен де бағалы. Сондықтан тарихи мұраны сақтау және ішкі туризмді дамыту мәселесі бүгінде өте өзекті. Конференция соңы «Зейнеп» колледжі студенттерінің әскери дайындық элементтерін қамтыған көрсетілімімен аяқталды.