Петропавлда «Заң және тәртіп» идеологемасы аясында интернет алаяқтықтың алдын алуға арналған кездесу өтті. Іс-шараға құқық қорғау органдарының өкілдері, үкіметтік емес ұйым мүшелері, студенттер мен жастар қатысты.
Жиын барысында мамандар интернеттегі алаяқтықтың кең таралған түрлері туралы айтып, азаматтарды жеке деректерін қорғауға шақырды. Сонымен қатар күмәнді сілтемелерге өтпеу, бейтаныс адамдарға банк картасының мәліметтерін бермеу және ақпараттық қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігі түсіндірілді. Кездесуде жастар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, сала мамандарынан кеңес алды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар халықтың цифрлық сауаттылығын арттырып, интернеттегі құқықбұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.
СНХР: МҰСА ӘУБӘКІРОВ, ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ АҚПАРАТ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖАСТАР БАСТАМАЛАРЫ БӨЛІМІНІҢ МАМАНЫ