Бүгінде жасанды интеллект – өмірдің барлық саласына еніп жатқан заманауи технология. Бұл бағытта өңірімізде де ауқымды жұмыстар атқарылуда. Арна тілшісі генеративті жасанды интеллект маманы, «Ғылым алаңы» ғылыми-әдістемелік орталығының жетекшісі Гүлсана Амандыққызымен танысып, оның аймақтағы жасанды интеллект саласын дамытуға қосып жүрген үлесі мен жаңа жобалары туралы біліп қайтқан болатын.

Жас маман Солтүстік Қазақстан облысында жасанды интеллект бағытын дамытуға үлес қосып, жаңа бастамалар мен жобаларды жүзеге асырып келеді. Жасанды интеллект саласын терең зерттеген маман бүгінде өзінің авторлық әдістемесін қалыптастырған. Алғашқы бағыты педагогикадан бастау алып, қазіргі таңда түрлі саланы қамтитын ауқымды курсқа айналған.

СНХР: ГҮЛСАНА НАЗАРБЕКОВА, ГЕНЕРАТИВТІ ЖИ ЗЕРТТЕУШІСІ, ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ

Жасанды интеллект саласында еңбек етіп жүрген Гүлсана Амандықызы енді білім беру бағытын да дамытып келеді. Оның бастамасымен «Ғылым алақанда» ғылыми-білім беру орталығы өз жұмысын бастады.

СНХР: ГҮЛСАНА НАЗАРБЕКОВА, ГЕНЕРАТИВТІ ЖИ ЗЕРТТЕУШІСІ, ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ

Мамандардың айтуынша, бүгінде барлық сала өкілдері әлеуметтік желі арқылы аудиториямен тығыз байланыс орнатуда. Ал бұл бағытта жасанды интеллект контент дайындау мен ақпарат таратуды жеңілдетіп, үлкен көмек көрсетіп келеді.