Петропавл қаласында «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында «Үйді басқару: жауапкершілік, сенім, нәтиже» атты форум-семинар өтті.Іс-шара көпқабатты тұрғын үйлерді басқарудың өзекті мәселелеріне, тұрғын үй қорын басқару жүйесін жетілдіруге, МИБ пен ПИК қызметінің ашықтығын арттыруға, сондай-ақ тұрғын үй иелерінің құқықтарын қорғауға арналды.
Бүгінде облыстың тұрғын үй қорында 1 920 көпқабатты үй бар. Оның ішінде 502 МИБ пен 198 ПИК жұмыс істейді. Өңірде абаттандыру және күрделі жөндеу бағдарламалары жүзеге асырылып жатқанымен, үйлердің тозуы, білікті мамандар тапшылығы және жөндеуге жиналатын қаражаттың аздығы сияқты өзекті мәселелер бар. Айта кетейік, форум жұмысына Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов пен «AMANAT» партиясының хатшысы Александр Данилов арнайы қатысты.
СНХ: ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
«AMANAT» партиясының хатшысы Александр Данилов ТКШ реформасы азаматтардың өмір сапасына тікелей әсер ететінін атап өтті.
СНХ: АЛЕКСАНДР ДАНИЛОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ
Ал, Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиев облыс орталығындағы атқарылып жатқан жұмыстар жайлы айтты. Биыл жоспар бойынша қалада 83 ауланы абаттандыру көзделген. Нәтижесінде жаңартылған аулалардың саны 465-ке жетіп, үлесі 78 пайызды құрамақ.
СНХ: СЕРІК МҰХАМЕДИЕВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ
Форум барысында заңнамадағы өзгерістер, көпқабатты тұрғын үйлерді басқарудың тәжірибелік мәселелері, тұрғындармен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл, сондай-ақ өңірдің коммуналдық және энергетикалық инфрақұрылымын дамыту бағыттары талқыланды.
СНХ: ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Кездесу қорытындысы бойынша бірқатар азамат «AMANAT» партиясының қатарына қабылданды. Саланың үздік мамандары алғыс хаттармен және құрмет грамоталарымен марапатталды.