Жеңіс күніне орай қаламыздың бас алаңында театрландырылған мерекелік қойылым өтті. Қала тұрғындары мен қонақтарына соғыс жылдарының көріністерін бейнелейтін әсерлі сахналық қойылымдар мен патриоттық әндер ұсынылды. Майдан даласындағы ерлік пен тылдағы табандылықты дәріптеген мереке көпшіліктің жүрегіне жол тауып, өткеннің өшпес рухын тағы бір мәрте сезіндірді.

15 жастағы Данир Мусин алаңға арғы аталарының фотосуреттерін алып келді. Ол бүгінде бейбіт әрі егемен елде өмір сүріп жатқанымыз үшін майдангер аталарына шексіз алғысын білдіреді. Жыл сайын гүл қою рәсіміне қатысуды өзінің азаматтық парызы санайтынын айтады.

СНХР: ДАНИР МУСИН, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

Татьяна Корнева да атасы Георгий Скуратовты ерекше мақтанышпен еске алады. Ол – «Даңқ» орденінің иегері, сондай-ақ «Ерлігі үшін» медалімен үш мәрте марапатталған майдангер. Сонымен қатар оның ата-анасы тыл ардагерлері болған.

СНХР: ТАТЬЯНА КОРНЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ