8 мамыр күні әлем бойынша Дүниежүзілік Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай күні атап өтіледі. Бұл күн адамгершілік құндылықтарын дәріптеп, қиын жағдайға тап болған жандарға қолдау көрсетіп, адам өмірі мен қадір-қасиетін қорғау жолында еңбек етіп жүрген миллиондаған еріктілер мен мамандардың ортақ мерекесіне айналған. Биыл атаулы күн «Гуманизм үшін біргеміз» ұранымен ұйымдастырылуда.
«Гуманизм үшін біргеміз» ұраны қиын кезеңдерде бір-біріне демеу болып, мұқтаж адамдарға қол ұшын созу және адамгершілік құндылықтарды бірге қорғау қажеттігін білдіреді. Петропавлдағы Қызыл Жарты Ай филиалының халыққа үздіксіз қызмет етіп келе жатқанына 88 жыл болды.
СОФИЯ БУЛАТОВА, «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚЫЗЫЛ ЖАРТЫ АЙ ҚОҒАМЫ» СҚО ФИЛИАЛЫНЫҢ ЕРІКТІСІ
Осы айтулы күні белсенділігімен ерекшеленген еріктілер марапатталды. Олардың қатарында Манаш Қозыбаев атындағы СҚУ-дің студенті Тамирлан Теміржан да бар. Ол өзге студенттермен бірге Қызыл Жарты Ай ұйымының 7 қағидатын кеңінен танытатын қысқаметражды бейнеролик түсіріп, республикалық деңгейде өткен байқауда жүлделі үшінші орынды иеленді.
ТАМИРЛАН ТЕМІРЖАН, МАНАШ ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚУ СТУДЕНТІ
Филиалдың жұмысы түрлі бағыттарды қамтиды. Негізгісі - әлеуметтік осал топтарға: жалғызілікті қарттарға, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға, мүгедектігі бар және қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарға көмек көрсету.