Жеңістің 81 жылдығы қарсаңында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Қызылжар ауданында тұратын Ленинград қоршауының куәгері, 93 жастағы Тамара Липченконың шаңырағына барды. Кейуана сұрапыл соғыс жылдарындағы естеліктерімен бөлісті.
Ленинград қоршауында қалған балалар… Солардың бірі — Тамара Гавриловна. Аштық, суық, үрей мен өлім. Арада қанша жыл өтсе де, сол ауыр кезең жадыдан өшкен емес.
ТАМАРА ЛИПЧЕНКО, ЛЕНИНГРАД ҚОРШАУЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов Тамара Липченконы келе жатқан мерекемен құттықтап, соғыс және бейбіт өмір жайында әңгімелесті. Ленинград қоршауының куәгері еңбек жолын 13 жасында бастаған. Алдымен бала күтуші болып еңбек етсе, кейін аяқ киім фабрикасында жұмыс істеген. Одан соң тың игеруге өз үлесін қосқан.
ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Жасы тоқсаннан асса да, Тамара Гавриловна әлі тың. Үй шаруасымен айналысып, бау-бақшасын күтіп отыр. Ал Жеңіс күні мемориалға гүл қоюды ешқашан ұмытпайды.