Облыста авиациялық құтқару жасағының базасы салынып жатыр. Жаңа нысан өңірдегі төтенше қызметтердің жұмысын күшейтуге бағытталған. Яғни, төтенше жағдайлардың салдарын жоюдан бастап, санитарлық авиация қызметіне дейін қамтылады. Қазір құрылыс алаңында қызу жұмыс жүріп жатыр. 

Құрылысшылардың айтуынша, авиациялық құтқару жасағын осы жылдың соңына дейін ашу жоспарланып отыр. Ал әзірге мұнда жұмыс қарқынды жүріп жатыр. Болашақ ангардың аумағы шамамен 1 мың шаршы метрді құрайды.

СНХ: НИКИТА ВЛАСОВ, МЕРДІГЕР ҰЙЫМ ӨКІЛІ

Авиациялық жасақ іске қосылғаннан кейін ведомствоның материалдық-техникалық базасы едәуір күшеймек. Әуе техникасы су тасқыны мен өзге де табиғи төтенше жағдайлар кезінде шалғай елді мекендерге жедел жетуге мүмкіндік береді. Әуе кемелерін «Қазавиақұтқару» мамандары басқарады.

СНХ: ВЛАДИМИР ХУТИНАЕВ, СҚО ТЖД ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ ЖЕДЕЛ БАСҚАРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Төтенше жағдайлардың салдарын жоюдан бөлек, авиацияны облыстың шалғай аудандарындағы тұрғындарды медициналық эвакуациялау үшін де пайдалану жоспарланған. Өңірде санитарлық авиация тікұшақ түрінде биыл алғаш рет қолданыла бастады. Бүгінге дейін 15-тен астам әуе рейсі орындалған.