7 мамыр - Отан қорғаушылар күніне орай Петропавл төріндегі Ағынтай мен Қарасай батырлар ескерткішіне гүл шоқтары қойылды. Салтанатты іс-шараға облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов, өңірдің зиялы қауым өкілдері мен ардагерлер және әскери қызметшілер қатысты. Жиналған қауым бабалар рухына тағзым етіп, ескерткіш тақтасына гүл шоқтарын қойды.

Бұл шара ел тыныштығын күзеткен батырлар мен бүгінгі сарбаздарға деген құрметтің көрінісі болды. Отан қорғаушылар күніне арналған мұндай тағзым ету рәсімдері облыстың барлық аймақтарын қамтыды. Мерекелік жиындар жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік сезімін ұялатып, ерлік дәстүрдің сабақтастығын тағы бір мәрте айқындап берді.

АМАНЖОЛ НҰРТАЕВ, ЕКІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫС АРДАГЕРІНІҢ ҰЛЫ

Салтанатты рәсім - өткеннің өнегесі мен бүгінгі айбынды әскерімізге көрсетілген жоғары ілтипаттың белгісіне айналды. Мерекелік іс-шараға Ұлттық ұлан академиясының курсанттары мен офицерлері де белсене атсалысты. Айта кетейік, бүгінде аталған білім ордасында 500-ге жуық курсант әскери мамандық бойынша білім алып, ел қорғаны болуға дайындалуда.

МАРЖАН ТАЛАПКЕР, ҚР ҰҰ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Осылайша, ата-баба аманаты мен бүгінгі заман айбыны ұштасқан мерекелік шара ерлік рухын асқақтата түсті. Батырлар ерлігіне тағзым ету -өскелең ұрпақты отаншылдыққа тәрбиелеудің жарқын үлгісі болмақ. Салтанатты жиын ел іргесінің беріктігі мен қарулы күштеріміздің әлеуетін тағы бір мәрте паш етті.