Петропавл қаласында қала мектептерінің оқушылары үшін «Junior Skills» кәсіби шеберлік байқауы ұйымдастырылды. Аталған сайыс барысында 8 және 11-сынып оқушылары «Жас шаштараз-стилист» номинациясы бойынша өз мүмкіндіктерін сынға салды. Қатысушылар сәнді шаш үлгісін жасаудағы шеберліктерін көрсетіп, шығармашылық қабілеттері мен кәсіби дағдыларын ортаға салды.

Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан байқау биыл да өз жалғасын тапты. Бұл жолғы сайысқа қала мектептерінен 19 оқушы қатысып, өз шеберліктерін ортаға салуда. Байқау екі кезеңнен тұрады. Алғашқы кезеңде қатысушылар бет әрлеу өнерін көрсетсе, екінші кезеңде шаштараздық қабілеттерін танытты.

СНХ: ЖҰЛДЫЗ ЫСҚАҚОВА, «ЕСКЕНДІР ДӘУІТОВ АТЫНДАҒЫ ПЕТОРПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САЛАСЫ КОЛЛЕДЖІ» КММ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ТӘРБИЕ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ

Тәжірибе көрсеткендей, мұндай байқауға қатысқан көптеген жасөспірімдер болашақта өз таңдауын осы салаға бағыттап, колледжде білім алуды жоспарлайды.

СНХ: АНЕЛЬ СЛЮСКО, ҚАТЫСУШЫ

Қазіргі таңда колледжде 400-ге жуық студент білім алуда. Олардың 100-і биыл оқу орнын тәмамдайды. Жалпы колледжде бес мамандық бойынша білім алуға болады. Сонымен қатар биыл студенттерге екі жаңа мамандықты игеру мүмкіндігі беріліп отыр. Олар – кеңсе-менеджері және іс қағаздарын жүргізуші мамандықтары.