Қазақстанда денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруда жаңа кезең басталды. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Qalqan цифрлық платформасын енгізуде. Бұл жүйе медициналық қызметтерді есепке алу, тексеру және төлеу үдерістерін автоматтандырады. Нәтижесінде ашықтық артып, қаражаттың тиімді жұмсалуы қамтамасыз етіледі.

Qalqan платформасы емдеу процесіне әсер етпейді және қолданыстағы медициналық жүйелерді алмастырмайды. Ол тек қаржылық басқаруды жетілдіруге бағытталған. Жоба кезең-кезеңімен іске асуда. Алғашқы кезеңде деректерді автоматты тексеру, пациенттерді цифрлық сәйкестендіру және ақпараттық жүйелермен интеграция жүзеге асырылды. Екінші кезеңде жасанды интеллект элементтері енгізіліп, қаржыландырудың жаңа тәсілдері іске қосылады. Азаматтар үшін де жаңа мүмкіндіктер қарастырылған. Енді көрсетілген қызметті QR-код арқылы растауға, жеке кабинетте төлемдерді бақылауға және кері байланыс жіберуге болады. Qalqan – бұл жай ғана IT жүйе емес. Бұл денсаулық сақтау саласындағы ашықтық пен әділдікті қамтамасыз ететін цифрлық шешім.