8 мамыр - Бүкіләлемдік Қызыл Крест және Қызыл Жарты ай күні қарсаңында облыстық қан орталығы еріктілермен бірлесіп, «Жақсылық жасауға асығыңыз!» атты қайырымдылық акциясын өткізді. Бастаманың басты мақсаты донор санын арттыру.

Қазіргі уақытта қан тапшылығы мәселесі әлем бойынша өзекті болып отыр. Бүгінде Қазақстанда әр 1000 адамға 18 донордан келеді. Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының талаптары бойынша бұл көрсеткіш 40-60 адамды құрауы тиіс. Кез келген ниет білдірген азамат донор бола алады. Ең басты талап саламатты өмір салтын ұстанып, дұрыс тамақтану.

СНХР: СОФИЯ БУЛАТОВА, ҚЫЗЫЛ ЖАРТЫ АЙ ЕРІКТІСІ

Қайырымдылық іс-шарасына Төтенше жағдайлар департаментінің, Полиция департаментінің қызметкерлері мен әскерилер белсене қатысты. Солардың бірі өрт сөндіру бөлімінің қызметкері Уәлихан Шайменов. Ол 2013 жылдан бері тұрақты түрде қан тапсырып келеді.

СНХР: УӘЛИХАН ШАЙМЕНОВ, ДОНОР

Мамандардың айтуынша, қан тапсыру мүлдем зиянсыз әрі қауіпсіз процедура. Облыстық қан орталығына күніне орта есеппен 30 адам келеді. Акцияға атсалысқан донорларға арнайы алғыс хаттар табысталып, тәтті сыйлықтар мен естелікке сыйлықтар берілді.