Камиль Сафин атындағы бокс мектебінде жасөспірімдер арасындағы қолғап түйістіруден “Жас Ұлан” ашық облыстық турнирінің салтанатты ашылуы өтті. Жарыста еліміздің түкпір-түкпірінен және Ресей федерациясынан барлығы 83 спортшы қатысып, бақ сынауға ниет еткен. 

Турнирге еліміздің әр өңірі мен аудандарынан, сондай-ақ Ресей Федерациясының Түмен облысынан барлығы 10 команда қатысуда. Жас боксшылар 15 салмақ дәрежесі бойынша өзара мықтыны анықтайды. Бұл дәстүрлі дода жыл сайын тұрақты түрде өткізіліп, жас боксшылардың шеберлігін шыңдауға зор мүмкіндік беріп келеді.

СНХР: АНТОН ЛОПАТИН, К.САФИН АТЫНДАҒЫ БОКС МЕКТЕБІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ

Жарысқа қатысушылар қатарында түрлі деңгейдегі спортшылар бар. Олардың арасында спорт шеберлігіне үміткерлер мен әртүрлі разряд иегерлері кездеседі. Солардың бірі Жамбыл ауданы, Пресновка ауылының намысын қорғап, келесі кезеңге өткен - Мейіржан Ойрат. Айтуынша, ол бокспен 9 жыл көлемінде айналысып келеді.

СНХР: МЕЙІРЖАН ОЙРАТ, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ, ЖАМБЫЛ АУДАНЫ

Айта кетейік, финалдық жекпе-жектер 1 мамыр күні өтеді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдар және медальдармен марапатталады.