Солтүстік Қазақстан облысының кәсіподақ ұйымдары «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдады. Еліміз бойынша өткен ауқымды сенбілікке мыңдаған адам қатысып, қоршаған ортаны таза ұстауға өз үлестерін қосты.
Солтүстік Қазақстан облысында негізгі жұмыстар қалалық саябақтағы Кәсіподақ қозғалысы ардагерлерінің аллеясында жүргізілді. Қатысушылар аумақты жапырақтардан, қураған шөп пен тұрмыстық қалдықтардан тазартты. Сонымен қатар, көгалдандыру жұмыстары жалғасып, сенбілік барысында 6 сібір шыршасы отырғызылды. Жалпы көлемі 3 тоннаға жуық қоқыс шығарылды. 2024 жылы бастау алған «Таза Қазақстан» акциясы тек абаттандыру ғана емес, сонымен қатар экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама. Кәсіподақ өкілдерінің айтуынша, мұндай игі істер қоғамның жауапкершілігін арттырып, табиғатқа жанашырлық танытуға үндейді.