Қанат Бозымбаев және облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Қызылжар ауданына барып су тасқынына қарсы жүргізіліп жатқан шаралармен танысып, салынып жатқан қорғаныс бөгеттердің жай-күйін тексерді.

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаевқа Қызылжар ауданындағы Тепличное, Прибрежное және Бөскөл ауылдарында салынып жатқан бөгеттердің қазіргі жағдайы жөнінде баяндалды.Атап айтқанда, Тепличное ауылындағы бөгеттің ұзындығы - 4 647 метр болса, Прибрежное ауылындағы қорғаныс нысанының ұзындығы 5 шақырымнан асады. Ал бөгеттердің орташа биіктігі шамамен 7,5 метрді құрайды.

СНХ: БЕЙБІТ ИСМАНОВ, ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

Петропавлда бірден төрт гидротехникалық нысанға реконструкция жүргізілді. Атап айтқанда, Ойқала шағын ауданындағы бөгет, Былғары кенті зауытындағы қорғаныс құрылысы, айналма канал және биотоған жаңғыртылды. Қала әкімінің айтуынша, бұл нысандардың биіктігі 2024 жылғы су тасқыны деңгейімен салыстырғанда қосымша 2–2,5 метрге көтерілген. Сонымен қатар, Ойқала шағын ауданындағы бөгетке ерекше назар аударылып отыр. Мұнда алдағы уақытта саябақ аймағын құру және екі спорт нысанын салу жоспарланған.

СНХ: СЕРІК МҰХАМЕДИЕВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ

Сонымен қатар, қала әкімі вице-премьерге айналма канал бойындағы жұмыстың барысы туралы да баяндап, су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға көрсетілген көмек жайлы да айтты. Айта кетейік, Заречный кентінің тұрғындарына арнап «Жас Өркен» және «Орталық» ықшам аудандарында екі көпқабатты тұрғын үй бой көтерген болатын Бүгінгі таңда 90 отбасы жаңа пәтерге қоныстанды. Маусым айының соңына дейін қалған отбасыларды толық көшіру жоспарланып отыр.