Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев өңірге жұмыс сапары барысында Мағжан Жұмабаев ауданының орталығы Булаево қаласында да болды. Онда ол осыдан бір жыл бұрын ашылған орман өртін сөндіру станциясының жұмысын танысып, өрт сөндірушілермен және орманшылармен кездесті.

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев пен облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Мағжан Жұмабаев ауданында болды. Олар ең алдымен Булаево қаласында орналасқан орман өртін сөндіру станциясына барды. Мұнда облыстытық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ерлан Тәшімов салада атқарылған жұмысты баяндады.

ЕРЛАН ТӘШІМОВ, СҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

Орман өртін сөндіру станциясы 2025 жылдың соңында қолданысқа берілді. Жоба құны 214 млн теңгені құрады. Іші арнайы талап бойынша жабдықталған. Заманауи станцияның бір ерекшелігі – маңайда 25 метрлік мұнараның орнатылуы. Ондағы камералар арқылы аумақты бекетте отырып-ақ шолуға болады.

ИГОРЬ ГОРБАЧЕВ, Булаевское орман шаруашылығы басшысының орынбасары, М.Жұмабаев ауданы:

Қанат Бозымбаев пен Ғауез Нұрмұхамбетов станцияны аралағаннан кейін өрт сөндірушілермен және орманшылармен кездесті. Сатып алынған жаңа техникалардың жұмысымен танысты. Табиғаттың көркі саналатын жасыл желекті көздің қарашығындай сақтап жүрген жандарға алғысын білдірді.

ҚАНАТ БОЗЫМБАЕВ, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:

Биыл облыста 70-тен астам дала өрті тіркелген. Олардың әрқайсысында орманшылар оқиға орнына тез арада жетіп, тілсіз жаудың таралуына жол бермеді. Қанат Алдабергенұлы бұл бағыттағы жүйелі жұмысты одан әрі жалғастыру қажеттігін айтты.