Ескендір Дәуітов атындағы қызмет көрсету саласы колледжінде «Заң. Жауапкершілік. Тәртіп» атты студенттік форум өтті. Іс-шара «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасы және жастардың құқықтық сауаттылығы мен заңға жауапкершілігін қалыптастыруға бағытталған «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында ұйымдастырылды. Форумға техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан 70-ке жуық студент қатысты.
Қаладағы қызмет көрсету саласы колледжінде өткен жиын «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. Іс-шарада «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын насихаттауға ерекше көңіл бөлінген.
СВЕТЛАНА МИРОНЕНКО, ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҚ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ
Шақырылған қонақтар студенттерге құқықтық сауаттылық тақырыбында бірнеше баяндамаларын жасады.Сондай-ақ, криминалисттер саусақ ізін алу әдісін көрсетіп, қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырды.
НҰРБАҚЫТ ҚУАНЫШ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖОҒАРЫ КӘСІБИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ
Қоса кетейік, форумға студенттік парламент президенттері мен «Саналы ұрпақ» клубының мүшелері де қатысты.