Шал ақын ауданы Бірлік ауылында құсбегіліктен жастар, жасөспірімдер және кіші жас санатындағылар арасындағы Қазақстан Республикасының XVII чемпионаты өтті. Аталған сайыстың басты мақсаты – ұлттық мұраны жас ұрпақ арасында кеңінен дәріптеу, құсбегілік дәстүрін сақтап, оны одан әрі дамыту. Ұйымдастырушылардың айтуынша, соңғы жылдары жастардың бұл өнерге деген қызығушылығы айтарлықтай артып келеді.
Чемпионаттың басты ерекшеліктерінің бірі – жас буынға айрықша мән берілуі болды. Әсіресе, кіші жас санатындағы қатысушылардың өнері көрермендерді тәнті етіп, олардың шеберлігі мен қыран құспен тіл табысу қабілеті көпшілікті сүйсіндірді. Сайыстың ашылуына Шал ақын ауданының әкімі Қайрат Омаров қатысып, құттықтау сөз сөйледі.
СНХ: ҚАЙРАТ ОМАРОВ, ШАЛ АҚЫН АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
Аңшылық маусымы басталғалы бері елімізде 10-нан астам республикалық және халықаралық чемпионаттар мен ірі фестивальдер ұйымдастырылды. Шал ақын ауданында өткен құсбегілер арасындағы сайыс 3 кезеңнен тұрды.
СНХ: БАҒДАТ МҮПТЕКЕҚЫЗЫ, ҚР «ҚҰСБЕГІЛІК» ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ
Жыртқыш құстарды қолға үйрету – оңай шаруа емес. Бұл іс үлкен төзімділікті, уақытты және ерекше шеберлікті талап етеді. Қыран құстың мінезін түсініп, оны баптау үшін құсбегі көп еңбек сіңіреді. Әр құстың өзіне тән ерекшелігі болғандықтан, оған жеке тәсіл қажет. Сондықтан мұндай өнер тек тәжірибе мен табандылықтың арқасында қалыптасады.
СНХ: ТАСТАНБЕК БЕРГЕНБАЙ, ҚҰСБЕГІ
Жалпы, сайысқа 10 құрама қатысты. Ең қызығы – жас қатысушылардың барлығы дерлік кішкентай кезінен құспен етене араласып, оны серік етіп өскен. Сондықтан олар үшін құстары тек қана аңшылықта ғана емес, өмірдегі де сенімді достарына айналған.
СНХ: АЙДАР БЕКМҰХАМБЕТ, САЙЫСҚА ҚАТЫСУШЫ
СНХ: КЕҢЕС ӘНУАР, САЙЫСҚА ҚАТЫСУШЫ
XVII Қазақстан Республикасының чемпионаты – құсбегілік өнерінің терең тамырын паш еткен, ұлттық дәстүріміздің мәңгілік өміршеңдігін дәлелдеген шынайы мереке болды. Жас қатысушылардың батылдығы, қыран құстарға деген ерекше шынайы сүйіспеншілігі мен шеберлігі көрерменді тәнті етті.