Солтүстік Қазақстан облысында есірткі қылмысына қарсы күрес күшейтілуде. Бүгінде Сот сараптамалары институтында жаңа жоғары технологиялық құрал-жабдықтар қолданылып жатыр. Солардың көмегімен мамандар есірткі заттарын дәл анықтап, олардың құрамын қысқа уақыт ішінде зерттей алады. 2025 жылдың өзінде өңірде 700 келіден астам есірткі тәркіленді. Ал әрбір іс бойынша нақты шешім шығару үшін сарапшылардың қорытындысы негізгі дәлел болып саналады.

Институт зертханасы заманауи құрылғылармен жабдықталған. Олар заттың құрамын дәл анықтап, сараптама уақытын қысқартуға мүмкіндік береді. Солтүстік Қазақстан облысының шекаралық аймақ болуы есірткі тасымалын арттырып отыр.

ЕРКЕБҰЛАН МҰҚАНОВ, СҚО БОЙЫНША СОТ САРАПТАМАЛАРЫ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Осындай күрделі жағдайда сарапшылардың жұмысы ерекше жауапкершілікті талап етеді. Зертханаға түскен әрбір зат толық тексерістен өтеді. Соңғы үлгідегі құрылғылардың көмегімен олардың құрамы анықталып, нақты қорытынды шығарылады.

ШОЛПАН ОМАРОВА, СҚО СОТ САРАПТАМАЛАРЫ ИНСТИТУТЫНЫҢ БАС САРАПШЫСЫ

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы мен мемлекеттік органдар жүйелі түрде есірткі қылмысына қарсы күрес жүргізуде. Заман талабына сай құрал-жабдықтар мен прокуратура, сот, полиция және сот сараптамалары институты арасындағы меморандумдар сараптама жүргізу уақытын қысқартуға және қылмыстық істерді жедел қарауға мүмкіндік береді.