Есіл өзенінің салаларында су деңгейінің көтерілуі жалғасуда. 30 наурыз күні таңғы сағат 8-дегі жағдай бойынша гидрологтардың мәліметінше, ең жоғары көрсеткіш Рузаевка ауылы маңындағы Шарлық өзенінде тіркелді. Мұнда су деңгейі бір тәулікте 153 см көтерілген. Возвышенко ауылы маңындағы Аққанбұрлық өзенінде 128 см жеткен. Сергеев су қоймасында да су көлемі тәулігіне 8 см-ге артқан.

Синоптиктердің хабарлауынша, 30 наурыздан бастап ауа температурасының одан әрі көтерілуіне байланысты Солтүстік Қазақстан облысында қардың қарқынды еруі, еріген судың ағынының қалыптасуы, мұз құбылыстарының әлсіреуі және өзендердегі су деңгейінің көтерілуі күтіледі. Соның салдарынан автожолдарды су басу және тасқын сулардың жайылуы мүмкін.