Достық үйінде «Келісім аумағы» атты диалог алаңы өтті. Іс-шара этносаралық қатынастар саласындағы профилактикалық жұмыстар жоспарын жүзеге асыру және «Заң мен Тәртіп» қағидаттарын ілгерілету аясында ұйымдастырылды. Кездесуді Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы ұйымдастырды.
«Келісім аумағы» – ұлтаралық келісімді нығайтуға бағытталған әлеуметтік-ағартушылық жоба. Кездесу барысында қатысушылар қоғамдық тұрақтылықты сақтау және даулы мәселелердің алдын алу жолдарын талқылады. Диалог алаңы Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдерін, этномәдени бірлестіктерді, құқық қорғау органдарын, қоғамдық ұйымдарды, сондай-ақ студенттер мен оқытушыларды біріктірді.
ДАМИР ЖОЛДЫБАЕВ, СҚО ПРОКУРОРЫНЫҢ КӨМЕКШІСІ
Жастардың құқықтық және діни сауаттылығын арттыруға ерекше көңіл бөлінді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, дәл осындай жүйелі профилактикалық және түсіндіру жұмыстары ұлтаралық келісімнің берік құндылықтарын қалыптастыруға ықпал етеді.
БОЛАТ БАЗАРБАЕВ, «ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ» КММ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Бұл бағыттағы жұмыс жалғасын табады. Ұйымдастырушылардың пікірінше, мұндай бастамалар қоғамды біріктіруде маңызды рөл атқарады.