Бүгін Манаш Қозыбаев атындағы СҚУ-де медициналық мамандықтарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Іс-шараға Петропавл қаласы мен аудандардағы медициналық мекемелер қатысты. Биыл Солтүстік Қазақстан университетінің медициналық факультетін интернатура бойынша 132 түлек аяқтайды. Жәрмеңке олардың жұмысқа орналасуына мүмкіндік беруді көздейді.

Жәрмеңкеге барлығы 22 ұйымның өкілдері қатысты. Медициналық мекемелер тарапынан студенттерге 100-ден астам бос жұмыс орны ұсынылды. Айта кеткен жөн, оқу орны жалпы медицина және фармация бағытындағы түлектерді даярлайды.

СНХР: ӘСЕЛ КЕЛДЕҒҰЛОВА, ДУАЛЬДЫ ОҚЫТУ ЖӘНЕ МАНСАП ОРТАЛЫҒЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ М.А.

Жәрмеңке барысында жұмыс берушілер жас мамандарға қойылатын талаптарды түсіндіріп, еңбек жағдайлары туралы ақпарат берді. Түлектер өз кезегінде түйіндемелерін ұсынып, әлеуетті жұмыс орындарымен танысты. Бұл олардың алдағы уақытта еңбекпен қамтылуына жол ашады.

СНХР: ӘДІЛХАН ОРЫНБАСАР, СТУДЕНТ

Аталған жәрмеңке өңірдегі медициналық кадрларға деген сұранысты қамтамасыз етіп, жас мамандардың кәсіби жолын бастауына мүмкіндік береді.