Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында Мансап орталығы бос жұмыс орындар жәрмеңкесін ұйымдастырды. Іс-шараға 30-ға жуық жұмыс беруші қатысып, тұрғындарға 700-ден астам бос жұмыс орны ұсынылды.
Жыл басынан бері мұндай жәрмеңкелер тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Биыл Мансап орталығының көмегімен шамамен 470 адам тұрақты жұмысқа, ал 150 адам уақытша жұмысқа орналасты.
СНХР: ДӘУРЕН ЗЕЙНУЛЛИН, ПЕТРОПАВЛ Қ. МАНСАП ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Жәрмеңкеге 100-ге жуық студент пен 400 жұмыссыз азамат шақырылды. Қатысушыларға барлық қажетті ақпарат беріліп, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері мен тіркелу тәртібі түсіндірілді.
СНХР: АЛЕКСАНДРА КРУШ , СТУДЕНТ
Жалпы, қала бойынша enbek.kz сайтында шамамен 1000 бос жұмыс орны тіркелген. Ал биыл жұмыс іздеушілер саны 1642 адамды құрайды.