Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрында Халықаралық театр күні қарсаңында «Ботай» этно-пластикалық қойылымының премьерасы көрермен назарына ұсынылды. Спектакльден кейін меркеге орай дәстүрлі «Алтын сақа – 2026» театрішілік марапаттау рәсімі өтті.
Алдымен театрда жаңа премьераның баспасөз конференциясы өтті. Шығармашылық топ жаңа қойылымның идеясы, мазмұны мен дайындық барысы туралы кеңінен айтып берді. Қойылым адам мен табиғаттың үйлесімі, рухани байланыс тақырыбын арқау етеді. Сюжет желісі бойынша Күн мен Жер ана адамзатқа нәресте мен киелі бие рухынан туған құлын сыйлайды. Олардың тағдыры қатар өрбіп, достық пен сынақ арқылы өмірдің мәнін ұғынуға жетелейді.
СНХР: АННА ЦОЙ, РЕЖИССЕР-ХОРЕОГРАФ
Қойылымның көркемдік шешіміне ерекше үлес қосқан мамандардың бірі – жарық қоюшы Арсений Макаров. Ол Алматыдағы Н. Сац атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының тәжірибелі маманы. Арнайы осы жобаға шақырылған шебер сахналық жарық арқылы қойылымның атмосферасын айшықтап, көрерменге әсерін күшейте түсті. Ал сахнада «Sensitive» би театрының әртістері өнер көрсетті. Бұл ұжым ерекше қажеттілігі бар және кәсіби бишілерден құралған. Олар сахна тілін пластика арқылы шебер жеткізіп, көрерменге терең эмоция мен ерекше әсер сыйлады.
СНХР: ОЛЬГА РОСТОВЩИКОВА, «SENSITIVE» БИ ТЕАТРЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ
Қойылымнан кейін Халықаралық театр күні аясында дәстүрлі «Алтын сақа – 2026» театрішілік марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты кеште театрдың 27-маусымындағы үздік қойылымдар мен үздік образдар сараланып, әртістер мен ұжым қызметкерлері түрлі аталымдар бойынша дипломдар мен марапатталып, ақшалай сыйақы табыс етілді.