«Amanat» партиясының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы жанындағы «Miras» қоғамдық кеңесі мен «Халықаралық Қазақ тілі» қоғамының облыстық филиалының кеңейтілген алқа мәжілісі өтті. Күн тәртібінде «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңының орындалу барысы және 2023–2029 жылдарға арналған тіл саясатын дамыту тұжырымдамасын Солтүстік Қазақстан облысында іске асыру жоспары қарастырылды.
Басқосуға «Miras» қоғамдық кеңесі мен облыстық «Қазақ тілі» қоғамының мүшелері, жергілікті атқарушы органдар басшылары, облыстық Қазақстан халқы Ассамблея мүшелері қатысты. Сондай-ақ, жиын барысында Мемлекеттік тілдің дамуына үлес қосып жүрген белсенді азаматтар марапатталды. Атап айтқанда, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының өкілдеріне арнайы құрмет көрсетілді.
ЕРБАҚЫТ АМАНТАЙҰЛЫ, «MIRAS» ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ
Сондай-ақ, іс-шарада тіл саясаты, қоғамның тіл мәдениетін арттыру, тіл және мемлекеттік қызмет, мемлекеттік тілдің қаржы, экономика және халыққа қызмет көрсету салаларындағы қолданысы, сондай-ақ БАҚ, бизнес және көрнекі ақпарат тілі мәселелері қозғалды. Қатысушылар аталған бағыттар бойынша өзара пікір алмасып, нақты ұсыныстарын ортаға салды.
МАРАЛ ОСПАНОВА, ЖУРНАЛИСТ
Жиын қорытындысында нақты шешімдер қабылданып, алдағы жұмыстардың басым бағыттары айқындалды.