Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы Абай Жүсіповтың тұрғындар алдындағы есептік кездесуі өтті. Абай Қуатбайұлы 2025 жылғы атқарылған жұмыстар туралы баяндады.
СҚО полиция департаменті бастығының айтуынша, соңғы 10 жылда қылмыс деңгейі шамамен 3,5 есе азайған, ал соңғы жылы – 13%-ға төмендеген. Ұрлық 28%-ға, алаяқтық 14,8%-ға, интернет арқылы жасалатын қылмыстар 13%-ға кеміген. Сондай-ақ кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстар да азайды. Аймақта алдын алу жұмыстарын күшейту үшін арнайы бөлім құрылған.
АБАЙ ЖҮСІПОВ, СҚО ПД БАСТЫҒЫ
Ведомство бастығы атап өткендей, бүгінгі күні киберқылмыстық әрекеттер қоғам үшін жаһандық қауіпке айналды. Бұл технологиялар мен цифрлық қызметтердің жылдам дамуына және халықтың қаржылық сауаттылығының жеткіліксіз болуына байланысты. Жыл қорытындысы бойынша интернет-қылмыстардан келтірілген жалпы шығын 1 млрд 401 млн теңгені құрады. Ең көп кездесетін алаяқтық түрі – телефон арқылы қоңырау шалу, мұнда қылмыскерлер өздерін банк немесе құқық қорғау органының қызметкері деп таныстырып, азаматтардың есеп-шоттарындағы күмәнді операциялар туралы хабарлайды.
АБАЙ ЖҮСІПОВ, СҚО ПД БАСТЫҒЫ
Есірткі қылмысы қоғам үшін әлі де күрделі мәселе болып отыр. Есептік кезеңде облыста 272 құқық бұзушылық тіркелген, оның 143-і сату фактісі. Сонымен қатар, 773 келі есірткі тәркіленген.
АБАЙ ЖҮСІПОВ, СҚО ПД БАСТЫҒЫ
Есірткі заттарын өндіру, сату және тарату үшін қылмыстық жауапкершілік күшейтілгені атап өтілді - енді мұндай қылмыстар үшін 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.