Петропавл қаласындағы Ойқала шағын ауданында су тасқынының алдын алу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Әскери қызметшілер қауіпті аймақтарда қорғаныс іс- шараларын күшейткен. Бүгінде аумақта 60-қа жуық әскери қызметші мен 4 бірлік техника жұмыс істеуде.

Қазіргі таңда әскерилер қаптарды инертті материалдармен толтырып, оларды су басу қаупі бар аумақтарға орналастырып жатыр. Бұл шаралар су деңгейінің көтерілуіне жол бермей, тұрғын үйлер мен инфрақұрылымды қорғауға бағытталған.

СНХ: ҚАЛДЫБЕК ЖАНЫС, ҚР ҚМ 99275 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ ҰТҚЫР РОТАСЫ ҰТҚЫР ВЗВОДЫНЫҢ КОМАНДИРІ

Ойқала шағын ауданында қауіптің алдын алу шараларына 60-қа жуық әскери қызметші мен 4 бірлік техника тартылған. Бұл аумақта 17 наурыздан бері белсенді түрде жұмыс жүргізіліп келеді.

СНХ: АРСЕНИЙ КАЛИНИН, ҚР ҚМ 99275 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ АУМАҚТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАРЛАУ ВЗВОДЫНЫҢ КОМАНДИРІ

Әскери қызметшілер қауіпті аймақтарда таңнан кешке дейін үздіксіз жұмыс істейді. Бір күннің өзінде 2 мыңнан 2,5 мыңға дейін қап дайындалады.