«Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Петропавл қалалық филиалының кезекті есеп беру-сайлау конференциясына 120-дан астам делегат қатысты. Бүгінде ардагерлер қозғалысының қатарында 27 мыңнан астам адам бар. Жарғыға сәйкес, бұл қоғамдық ұйым әр 5 жыл сайын есеп беру-сайлау конференциясын өткізеді.
Аға буын өкілдері елдің қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысып келеді. Күн сайын ардагерлер әлеуметтік жауапкершіліктің үлгісін көрсетіп жүр. Ақыл-кеңесін беріп, өмірлік тәжірибесімен бөліседі, түрлі өнерлерін паш етеді. Дегенмен, «алтын жас» өкілдері мемлекеттік құрылымдар тарапынан өздеріне көбірек көңіл бөлінгенін қалайды.
ЖАНГЕЛДІ ТӘЖИН - ҚАЛАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
Теміржол саласының бастапқы ардагерлер ұйымында екі мыңнан астам адам бар. Белсенді зейнеткерлер туған өлкені абаттандыру, патриоттық және спорттық іс-шараларға белсене қатысады. Сонымен қатар, «алтын жас» өкілдеріне бірқатар әлеуметтік қолдау шаралары да көрсетіледі.
АННА КЕЙМ - ОҢТҮСТІК ОРАЛ ТЕМІР ЖОЛЫНЫҢ ПЕТРОПАВЛ БӨЛІМШЕСІ АРДАГЕРЛЕРІ БАСТАПҚЫ ҰЙЫМЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ
Ардагерлер – азаматтық қоғамның белсенді мүшелері. Алда әлі талай жиын, концерт пен жобалар бар. Конференцияда алдағы жоспарлар да айқындалды.