Петропавлда 600 литр заңсыз алкоголь жойылды. Жалпы жыл басынан бері облыс орталығында алкогольді сату қағидаларын бұзған 25 сауда нүктесі анықталып, иелері жауапкершілікке тартылды.
Петропавлда полицейлер тәркіленген алкоголь өнімдерінің ірі партиясын жойды. Бульдозермен суррогат өнімдер де, түнгі уақытта немесе 21 жасқа толмаған азаматтарға сатылған ішімдіктер де жойылды.
СНХР: Қанат Жұмабаев — Петропавл қалалық полиция басқармасы бірінші полиция бөлімінің бөлімше бастығы
Өткен жылы Солтүстік Қазақстан облысында адам өлтіру қылмыстарының 90 пайыздан астамы алкогольдік масаң күйде жасалған, оның едәуір бөлігі тұрмыстық салаға тиесілі. Жалпы алғанда, 2025 жылдың қорытындысы бойынша мас күйінде жасалған қылмыстардың үлесі 30 пайыздан асады.
ИНТЕРШУМ: 3055.mov 00:00–00:05
КОРР: Полицейлер алкогольге қарсы бағытталған кешенді шараларды жүзеге асыруда. Бұл — қоғамдық орындарда ішімдік ішу фактілерінің жолын кесу, маскүнемдерді мәжбүрлі емдеуге жіберу, сондай-ақ контрафактілік өніммен күрес. 600 литр алкоголь арнайы полигонға жеткізіліп, жойылды, қалғаны барлық қажетті рәсімдер аяқталғаннан кейін осында жеткізіледі. Полицияда атап өткендей, заңсыз алкоголь саудасына қарсы күрес — қылмыстың алдын алу мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды бөлігі. Жыл басынан бері облыс орталығында 1176 литр алкоголь өнімдері тәркіленіп, алкогольді сату қағидаларын бұзған 25 сауда нүктесі жауапкершілікке тартылды. Атап айтқанда, белгіленген уақыттан кейін, яғни 21:00-ден соң және 21 жасқа толмаған азаматтарға сату деректері анықталған.