Есіл өзенінің салаларында су деңгейінің көтерілуі жалғасуда. 31 наурыз күні таңғы сағат 8-дегі жағдай бойынша гидрологтардың мәліметінше, ең жоғары көрсеткіш Ковыльное ауылы маңындағы Аққанбұрлық өзенінде тіркелді. Мұнда су деңгейі бір тәулікте 150 см көтерілген. Гусаковка ауылы маңындағы Бабық Бұрлық өзенінде 134 см жеткен. Сергеев су қоймасында су көлемі тәулігіне 10 см-ге артқан.
Тоқсан би ауылының маңындағы Есіл өзенінде су деңгейі 114 см көтерілген. Чистополье ауылында 79 см, Дружба ауылында 57 см, Ольшанкада 55 см артқан. Сондай-ақ тәуліктік су деңгейінің төмендеуі Сухорабовка ауылы маңындағы Сарыөзек өзенінде байқалады. Мұнда су деңгейі 13 см төмендеген. Новокаменка ауылында 6 см түскен.