30 наурыз – Халықаралық қалдықсыз күн. Бұл маңызды датаны Петропавл қаласының еріктілері назардан тыс қалдырмады. Шамамен 30-ға жуық адам қалалық саябаққа шығып, аумақты қоқыстан тазартты.
Кристина Задорожная – ерікті, ол күн сайын азаматтық белсенділік танытып, көшелерді қоқыстан тазалауға шығады. Ол әр азаматтың табиғатқа, қоршаған ортаға деген жауапкершілігі мен саналы көзқарасы қалыптасып, экологиялық мәдениеті артса деген пікірде. Кристина бұл пікірді қаланың барлық тұрғындары қолдайды деп үміттенеді.
КРИСТИНА ЗАДОРОЖНАЯ, ЕРІКТІ
Бұл күннің басты мақсаты жыл сайынғы миллиардтаған тонна тұрмыстық қатты қалдықтармен күрес, олардың қайта өңдеу деңгейін арттыруға және планетамыздың ресурстарына жауапкершілікпен қарауға бағытталған.
АНАСТАСИЯ ВОЛКОВА, СҚО ЖАСТАР БАСТАМАЛАРЫ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ
«Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы облыста белсенді түрде жүзеге асырылуда. 10 сәуірден бастап жаппай сенбіліктер басталады, еріктілер барлық ниет білдірушілерді қатысуға шақырады.