Солтүстік Қазақстан облысында синтетикалық есірткі жеткізудің жаңа арнасының жолы кесілді.
Петропавл қаласында полицейлер «Audi» автокөлігімен жүрген 33 жастағы қала тұрғынын ұстады. Жеке тінту барысында ер адамнан ұнтақ тәрізді зат салынған 4 түйіншек тәркіленді.
Тағы 25 түйіншек автокөліктен табылып, алынды. Алдын ала мәлімет бойынша, бұрын сотталмаған ер адам өткен жылдың желтоқсан айынан бастап есірткіні жасырын таратумен айналысқан, кейін психотроптық заттарды қалаға жеткізуге көшкен.
СНХР: РУСЛАН ҮМБЕТОВ — СҚО ПД ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ
Күдіктінің айтуынша, ол Қостанай қаласынан әкелген есірткінің «сынақ» партиясымен ұсталған. Барлық мән-жайлар тергеу барысында анықталады. Жыл басынан бері СҚО-да полицейлер заңсыз айналымнан 7,5 келі синтетикалық есірткі тәркіледі.