Петропавл қаласында педагогтар арасында дәстүрлі «Ұстаз-2026» қалалық спартакиадасы басталды. Іс-шара мұғалімдердің денсаулығын нығайтып, бұқаралық спортты дамытуға бағытталған. Бірнеше күнге шақталған жарыс қала мектептерінің ұстаздарын бір алаңға жинады. Бұл бастама кәсіби қауымдастықтың белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Спартакиаданың ашылу салтанатында қала мектептерінен жиналған 20-дан астам команда ортаға шығып, салтанатты шеру ұйымдастырылды. Қатысушылар бір-бірін қолдап, жарысқа дайын екендерін көрсетті. Іс-шара барысында ән шырқалып, би қойылымдары ұсынылды. Ашылу рәсімі ерекше мерекелік көңіл-күйде өтті.
АЛЕКСАНДР ЗЕЛЬ, «АMANAT» ПАРТИЯСЫ «БОЛАШАҚ» АУМАҚТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ
Спартакиада бағдарламасына волейбол, тоғызқұмалақ, дартс, арқан тарту, шахмат және үстел теннисі енгізілген. Аталған спорт түрлері қатысушылардың жан-жақты дайындықтарын талап етеді. Бағдарлама командалық әрі жеке сайыстарды қамтиды.
БИКЕШ ҚАСЕНОВА, М.ЖҰМАБАЕВ АТЫНДАҒЫ IT-МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
Қатысушылар арасында әртүрлі жастағы педагогтар бар. Олар өз командаларын қолдап, жоғары нәтиже көрсетуге тырысты.
АЛМА ШАЙМЕРДЕНОВА, СПАРТАКИАДАҒА ҚАТЫСУШЫ
Қоса кетейік, спорттық іс-шараның өтуіне «AMANAT» партиясының «Болашақ» филиалы, білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы және «Қазақстанның әкелері» республикалық қауымдастығы қолдау көрсетті.