Биыл облыс орталығында шамамен 215 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр. Осы орайда, облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов қаладағы құрылыс жұмыстарымен танысты. Жауапты мердігер ұйымдарға құрылыс мерзімдерін қатаң сақтау және барлық кезеңдерде атқарылатын жұмыстардың сапасын қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берілді. Сондай-ақ, су басу қаупі бар шағын аудандарды аралап, жағдайды көрді.
Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов су басу қаупі жоғары аудандардағы жағдайды тексерді. Қалада тасқынның алдын алу үшін жүйелі әрі кешенді шаралар жүзеге асырылып жатыр. Өңір басышысы ең алдымен Жұмысшы кентіндегі ахуалмен танысып, тұрғындармен кездесті.
СНХ: ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Сонымен қатар, өңір басшысы Исмаилов пен Парковая көшелерінің қиылысында бой көтеріп жатқан 54 пәтерлі, бизнес-класс санатындағы коммерциялық тұрғын үйдің құрылыс алаңына барды. Ол құрылыс жұмыстарының барысын көріп, атқарылып жатқан жұмыстардың сапасы мен қарқынына назар аударды.
Ғауез Торсанұлы сондай-ақ Жұмабаев көшесінде салынып жатқан 72 пәтерлі тұрғын үйдің құрылыс барысын да көрді. Бұл нысан Заречный кентінің тұрғындарын көшіруге арналған. Осы жылдың төртінші тоқсанында құрылыс аяқталып, адамдарды қоныстандыру жоспарланып отыр.
СНХ: АНДРЕЙ КАПУСТИН, «АЛЬФА СЕВЕР» ЖШС ЖЕТЕКШІСІ, МЕРДІГЕР
Қысқы маусым басталғалы бері қалада қар шығару, нөсерлі кәріз жүйелері мен арықтарды тазалау бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Осы күнге дейін шамамен 900 мың текше метр қар шығарылды. Бүгінде бұл жұмыстар күшейтілген режимде жалғасуда. Облыс әкімі Бірлік шағын ауданында да болып, жағдайды бағамдады.
СНХ: СЕРГЕЙ МЕЛЕХОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Қазіргі таңда су тасқынының алдын алу және оның салдарын жою жұмыстарының барысы қарқын алды. Бұл іске 200-ге жуық арнайы техника, 100-ден астам мотопомпа мен 30 ассенизаторлық көлік тартылған. Сондай-ақ 350-ден астам адам, оның ішінде еріктілер, әскери қызметшілер және коммуналдық сала мамандары жұмылдырылып отыр.