Петропавл қаласының шағын аудандарының бірінде кезекті рейдті Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері өткізді. Қала тұрғындарына өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы ескертілді. 

Айына бірнеше рет ТЖД қызметкерлері мен полицейлер есепте тұрған отбасыларды аралайды. Сондай-ақ ішімдікке әуес адамдар да назардан тыс қалмайды. Солтүстік Қазақстан облысында мұндай адамдардың саны шамамен 10 мыңға жуық. Дәл осы адамдар қауіпсіздік ережелеріне көбіне немқұрайлы қарайды.

НҰРЛАН БАЯХМЕТОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНЖЕНЕРІ

Қайғылы жағдайлар көбіне ішімдік пен жауапсыздықтың салдарынан қауіпсіздік ережелерінің сақталмауынан орын алып жатады. Биылдың өзінде өңірде 117 өрт тіркеліп, 16 адам қаза тапты. Олардың басым бөлігі алкогольді шамадан тыс пайдаланған.

МҰРАТ АРЫҚОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ ЕКІНШІ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОРЫ

Облыс бойынша есепте тұрған отбасылардың жалпы саны 5,5 мыңнан асады.