Петропавлда облыстық әкімдіктің кезекті отырысы өтіп, онда инвестиция тарту және өңірді абаттандыру мәселелері қаралды. Былтыр облысқа 600 млрд теңгеден астам инвестиция тартылса, биыл бұл көрсеткішті 775 млрд теңгеге жеткізу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, «Таза Қазақстан» акциясы аясында өңірде тазалық жұмыстары жалғасып, жалпыоблыстық сенбіліктер өткізу көзделген.
Петропавлда облыстық әкімдіктің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібіне екі мәселе шығарылды. Шара шымылдығын ашқан кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Дархан Әмриннің сөзінше, былтыр облысқа 600 млрд теңгеден астам инвестиция тартылған. Құйылған қаржының 35 пайызы шетелдік компаниялардан келген. 2026 жылға ауқымды жоспар құрылыпты.
ДАРХАН ӘМРИН, СҚО КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Қазіргі таңда облыста 900 млн теңгенің 51 инвестициялық жобасы жүзеге асырылуда. Кәсіпорындар қолданысқа берілгеннен кейін 8 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылады. Экономиканы дамыту үшін инвестиция тарту жұмыстары қарқын алу қажет. Бұл бағытқа мемлекет тарапынан ерекше қолдау көрсетілуде. Облыс әкімі жауапты атқамінерлерге бірқатар тапсырма берді.
ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:
2025 жылы облыста 95 мыңға жуық аула тазаланды. 74 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды. Айта кету керек, тазалық шараларына 171 мыңнан астам жерлесіміз қатысқан.
ӘЛІШЕР БЕСПАЕВ, СҚО ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҮКШ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Биыл облыста "Таза Қазақстан" акциясы аясында өтетін шараларға 3 млрд 400 млн теңге қаржы бөлінді. Өңірде 10-сәуірден бастап жалпыоблыстық сенбіліктер өткізіледі.