Салық берешегін уақытылы өтемеу – салық төлеуші үшін бірқатар мәжбүрлі шараларға әкелуі мүмкін. Егер қарыз белгіленген шекті мөлшерден асып, өтелмеген жағдайда, мемлекеттік кірістер органдары заң аясында өндіріп алу тетіктерін қолданады. Бұл шаралар борышты өтеуді қамтамасыз етуге және бюджет кірістерін толықтыруға бағытталған.

Салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу бірнеше кезеңнен тұрады. Алдымен қарыз сомасы салық төлеушінің банктік шоттарындағы қаражат есебінен өндіріп алынады. Егер қаражат жеткіліксіз болса, дебиторлардың шоттары қарастырылады. Бұдан кейін салық төлеушінің мүлкіне шектеу қойылып, оны сату арқылы берешекті өтеу шаралары іске асырылады.

СНХР: ГҮЛНАР ҚАДЫРБЕКОВА, СҚО МКД БЕРЕШЕКПЕН ЖҰМЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2025 жылғы 12 қарашадағы №701 бұйрығына сәйкес, салық төлеушінің мүлкіне шектеу қою арнайы шешім негізінде жүзеге асырылады. Бұл шешім салық төлеушіге ресми түрде табысталады. Одан кейін 5 жұмыс күні ішінде уәкілетті органдарға жолданып, мүлікке қатысты құқықтық шектеулер тіркеледі.

СНХР: ГҮЛНАР ҚАДЫРБЕКОВА, СҚО МКД БЕРЕШЕКПЕН ЖҰМЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Мүлік тізімге алынған соң, ол арнайы уәкілетті ұйым арқылы сауда-саттыққа шығарылып, түскен қаражат салық берешегін өтеуге бағытталады. Сонымен қатар, салық төлеушіге қатысты қосымша шаралар – елден шығуға уақытша шектеу қою секілді талаптар да қолданылуы мүмкін. Жалпы, салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу – заңда нақты реттелген процесс. Мамандардың айтуынша, мұндай жағдайға жеткізбеудің ең тиімді жолы – салық міндеттемелерін уақытылы орындау. Бұл өз кезегінде қаржылық тұрақтылықты сақтап, қосымша шектеулерден сақтануға мүмкіндік береді.