СҚО жұмыс сапарымен Францияның Қазақстандағы елшісі келді. Өңір басшысы кездесу өткізіп, қос тарап екіжақты ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады. Франциялық делегация өңірдің әлеуетіне жоғары баға беріп, бірқатар перспективалы бағыттар бойынша бірлескен жұмыстар жүргізуге қызығушылық танытты.
Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Францияның Қазақстандағы елшісі Сильван Гиогемен кездесті. Қос тарап арадағы экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады. Шара шымылдығын ашқан өңір жетекшісі тың жобаларды жүзеге асыруға әрдайым дайын екенімізді жеткізді.
ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:
Соңғы жылдары Франция мен СҚО арасында ауыл шаруашылығы мен медицина саласы бойынша тығыз қарым-қатынас орнаған. Шара барысында меймандар өңірімізде егін және мал шаруашылығын одан әрі дамытуға көмектескісі келетіндерін жеткізді. Сонымен қатар, ауруханаларға түрлі дерттердің алдын алуға арналған қондырғыларды орнатуды жоспарлап отыр.
СИЛЬВАН ГИОГЕ, Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі:
Меймандар алдағы күндері өңірдегі бірнеше нысанды аралап, мүмкіндігімен танысатын болады.