Тайынша қаласында әз наурыз мерекесіне арналған «Ұлы күні ұлыстың басы болсын ырыстың» атты аймақтық ақындар айтысы өтті. Оған Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақмола облыстарымен елордамыз Астана қаласынан келген ақындар қатысты. 12 ақынның басын бір сахнаға тоғыстырған аламан айтыста олар жеребе тарту арқылы 6 жұпқа бөлінді.
Аймақтық айтыс түндігін бірінші болып Есілдік ақын Абзал Жұмабек пен Астаналық ару Айсұлу Жүнісбек ашыты. Қыз бен жігіт айтысының тамаша бір өрнегін көрсеткен алғашқы жұптың сөз саптауларында шымшыма сөз, қағытпа қалжың, көрерменге ой салар келелі кеңес те жоқ емес.
Аймақтық айтысқа қатысуға өтініш білдірген 12 ақынның тек екеуі ғана нәзік жанды арулар. Қайым айтыс жасап, сөз таластыру барысында ақындар залға жиылған көрерменді тек наурыз мерекесімен құттықтап қана қоймай Тайыншаның біз естіп-білмеген тарихынан да тың малұматтар берді.
Тайыншада ұлттық өнерімізді дәріптеген ақындар айтысы осымен қатарынан екінші жыл ұйымдастырылып отыр. Оған мұрындық болған аудандық әкімдік.
СНХ: Жарқын Жұпархан – айтыс жүргізушісі
Сөз сайысы барысында бес адамнан құралған әділқазылар алқасы, әр ақынның сөз саптауларына, астарлы ақиқат пен қағытпа қалжыңдары, ақындардың сахна мәдениеті сақтауларына ерекше назар аударды. Олардың әрқайсысының өнері 10 балдық жүйемен бағаланып отырды.
СНХ: Дәстен Баймұқанов – қазылар алқасының төрағасы
Төрт сағатқа созылған айтыс соңында жеңімпаздар бас бәйге мен бірінші екінші үшінші орындарды өзара бөліссе, екі айтыскер Есіләм Зікібаев пен Ерік Асқаров атындағы арнайы марапатқа ие болды. Ұпайлары төмен болып жүлдеге ілінбегендері шабыттандыру сыйлықтарына ие болды.